Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 23 жастағы жігіт туған ауылының маңындағы дала өртін сөндіремін деп көз жұмды

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл елдімекенінің 23 жастағы тұрғыны Бейбарыс Ескендір туған ауылының маңында пайда болған дала өртін сөндіріп жатқанда көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерняя Караганда" Telegram-каналына сілтеме жасап.  

құтқарушы

Марқұмның әкесі жігіттің өртті сөндіруге өз еркімен барғанын айтады. Ол әкесінен көлікті айдауға рұқсат сұрап, өрт шыққан аймаққа кеткен. 

"Бірнәрсе болатынын жүрегім сезген еді. Бірақ ол достары мен басқа да ауыл тұрғындарының да өртті сөндіруге бара жатқанын айтып, мені көндірді. Оған абай бол деген едім. Өйткені дала өрті қауіпті екенін мен өз көзіммен көргенмін", – дейді Қожанбай Қожахметов. 

Ер азамат ұлының күйік шалған денесі көліктің маңынан алты метр қашықтықта табылғанын айтады. 

Бейбарыстың достары оның қалай өрттің ортасында қалып қойғанын аңғармай қалған. Өртті сөндіруге барғандар екі топқа бөлініп, тілсіз жаумен күресіпті. Абыр-сабыр болып жүргенде Бейбарысты жоғалтып алған. 

Жақындарының сөзінше, жігіт Қарағандының политехникалық университетінде құтқарушы мамандығы бойынша оқыған. Алдағы уақытта оның өз мамандығымен жұмыс істейтін жоспары да болыпты. 

Айта кетсек, 5 шілдеді Қарағанды облысын дала өрті шарпыды. Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек, т.б. ауылдар алаудың ортасында қалған. 

Талқылау