Қарағандыда ер адам көшенің қақ ортасында тоққа түсіп, мерт болды
9 маусым күні Қарағанды қаласындағы аялдамалардың бірінен белгісіз ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғындар ер адамның тоқ соққаннан көз жұмғанын айтқан болатын.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адам тоқ соғу салдарынан қайтыс болғанын хабарлады. Мұны сот-медициналық сараптамасы растаған.
"9 маусымда Горняк аялдамасынан 33 жастағы ер адамның денесі табылған. Жазатайым оқиға фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 306 бабы" Қаіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет немесе тауар ұсыну” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция бөлімінде.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жүргізуде.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды