"Қар аралас жаңбыр жауады": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер 9-11 қараша күндеріне арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Мамандар алдағы күндері елдің көп бөлігінде жауын-шашын болатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын қар аралас жаңбыр күтіледі. Қатты жаңбыр 9 қарашада оңтүстікте, 10 қарашада батыста, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада еліміздің шығысында болады деп күтілуде.
Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болжанды. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ күтіледі. Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнгі сағаттарда ауа температурасы түнде 2 градус аяз, таулы аудандарда 5 -10 градусқа дейін температураның төмендейді.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты