"Қапшықты парашют етіп ойнаған": Текеліде сегіз жасар бала бесінші қабаттың терезесінен секіріп кетті
Текеліде сегіз жасар бала бесінші қабаттың терезесінен полиэтилен пакетін парашют етіп ойнап жүріп, секіріп кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға 25 сәуір күні сағат 12:20-да болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бала полиэтилен пакетімен ойнап жүріп, парашют етіп, бесінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.
“Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына кішкентай жарықшақ диагнозымен жатқызылды", – деді құтқарушылар.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қазақстандықтарды балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға, терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуға шақырады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"