Қаңтар оқиғасы кезінде өлтірілген Айкөркемнің әкесіне “жалған ақпарат таратқаны үшін” айыппұл салынды
Қаңтар оқиғасы кезінде өлтірілген 4 жасар Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханұлына 69 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақында Айкөркемнің әкесінің үстінен "жалған ақпарат жариялау және тарату" бабы бойынша іс қозғалды.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.-ға қатысты әкімшілік істі қараған.
"Іс материалдарында ағымдағы жылдың 8 қарашасында М. Facebook желісінде бейне хабарлама жариялағаны айтылған. М. үстіміздегі жылдың 21 қазанында көршісінің өзіне жасалған шабуылынан кейін полиция қызметкерлері шабуылдаушыға қатысты әрекетсіздік танытқанын хабарлады. Оған қоса, полицейлер оның арызын қабылдамай қойғанын және ешқандай әркет жасамағанын алға тартқан. Сот анықтағандай, азамат М.-дан полиция түспегенін анықтады. Учаскелік полиция қызметкерімен әңгімесінде дау-дамайдың бейбіт жолмен шешілгенін айтып, арыз жазудан бас тартқаны белгілі болды. Ол өзінің кінәсін мойындамады”, – делінген ақпаратта.
Сот қаулысымен Айдос Мелдеханұлы ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 69 000 теңге әкімшілік айыппұл салынды.