AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасында кездейсоқ көз жұмғандардың туыстарына өтемақы беріле бастады

Қаңтар оқиғасында жазатайым қаза болғандардың туыстарына қаражат бөлінді. Бұл туралы "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгінгі таңда қаза тапқан 19 және ауыр жараланған 106 Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне материалдық көмек көрсетілді. Жалпы сома 451 млн теңге", - деді Л. Шыңғысбаева Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Сонымен қатар ол қаңтар оқиғасында жазатайым қаза болғандардың туыстарына қаражат бөлінгенін айтты. 

"Қаза болған үш азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберілді. Олардың жазатайым оқиғаның құрбаны екенін құзырлы орган растады. Сондай-ақ зардап шеккен үш баланың және қайтыс болған екі баланың отбасыларына ақшалай төлемдер берілді. Бұл санаттағы жапа шеккендерге төленген жалпы төлем сомасы 44 млн теңгені құрады", - деді қор өкілі. 

Айтуынша, қазір қаза тапқан 13 бейбіт тұрғынның туыстарына ақша аудару үшін ақпараттар нақтыланып жатыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр