Қаңтар оқиғасы: Мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 15 адамның ісі қаралып жатыр
Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов “Билікті басып алмақ болған” деген бап бойынша 15 іс қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрдәулетов Тоқаевқа бүгінге дейін 3070 қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.
Оның 2710-ы ішкі істер органдарымен тексерілуде.
Бас прокурор хабарлағандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны туралы азаматтардан түскен хабарламалар бойынша 173 іс жүргізуде.
ҰҚК мемлекетке опасыздық жасады, билікті асыра пайдаланды және билікті басып алмақ болды деген айыптар бойынша 15 істі қарап жатыр.
Арнайы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық тергеу тобы тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттерге қатысты 179 істі қарауда.
Сонымен қатар тәртіпсіздіктің шарықтау шегінде кеңсе ғимараттарын тастап кеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген