Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған екі жасөспірім тергеу изоляторынан босатылды
Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған екі жасөспірім тергеу изоляторынан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандар Алматы және Алматы облыстарының тұрғындары. Олар ешқайда шықпау туралы сенімхатпен үйіне жіберілген.
Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі жауапты уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді.
“Қазір тергеу изоляторындағы жаралағандар саны – 55, ал сегіз азаматтың сүйегі сынып, тағы 213-і түрлі жарақатпен отыр. Бастапқыда оларға медициналық көмек көрсетілмеген. Тіпті кейбірін аурухана төсегінен тергеуге алып кетіп, кейін палатаға қайтарған оқиғалар да кездесіпті”, – дейді Әзімова.
Әзімованың дерегінше, қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың барлығы бірдей қазақстандық емес. Тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен тергеу изоляторында 18 шетелдік отыр. Өзбекстанның 14, Ресейдің 2 және Қырғызстанның 2 азаматы қамауда.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген