Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы дүкеннен ұрланған қарулар табылды
Алматыда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда 7 мылтық пен оқ-дәрілер жасырылған орын қаланың Алатау ауданынан табылды. Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-тергеу тобы 12 калибрлі 7 тегіс ұңғылы мылтық, пышақтар, 200-ден астам патрон мен оптикалық көздеуіштерді тәркіледі.
"Бұл қарулар ағымдағы жылы қаңтар айының 5-нен 6-на қараған түні қару-жарақ дүкенінен ұрланғаны анықталды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шараларымен қаруды жасырғандардың жеке басы анықталуда. Олар одан әрі жауапкершілікке тартылатын болады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық