Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайын тонаған екі әйел ұсталды
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын тонады деген күдікпен апалы-сіңлілі екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Олар әуежайдағы дүкендерден 130-ға жуық парфюмерлік және косметикалық өнім, сондай-ақ 90-нан астам дәрі-дәрмек пен қымбат алкогольдік ішімдікті қолды қылған.
Көліктегі полиция департаменті олардың қасында тағы бір ер адамның болғанын хабарлады. Күдіктілердің дүкен ішінде емін-еркін жүргені бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 40 жастағы ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. 34 жастағы және 26 жастағы екі әйел балаларының болуына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды”, – дейді көліктегі полиция департаменті жедел тергеу тобының тергеушісі Данияр Сатыбаев.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар