AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғалары кезінде ғимараттарын қаруымен қоса тастап кеткен ҰҚК басшылары жазаланды

ҚР бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезіндегі құқық қорғау органдарының жекелеген басшыларының әрекетіне құқықтық баға беру туралы айтты. Оның сөзінше, бірнеше қалалардағы полиция департаментінің басшылары өз ғимараттарын қаруымен қоса тастап кеткен. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

кантар полиция

"5 қаңтарда Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша ҰҚК-нің екі полиция департаменті мен үш департаментінің басшылары өз ғимараттарынан қаруымен қоса ашық тастап кеткені анықталды. Аталған фактілер бойынша жеті қылмыстық іс қозғалған. Бұл істер бойынша тергеу әрекеттерінің негізі бөліктері аяқталды. Алматы қалалық ҰҚК басшысы Мәжилов қамауға алынды", - деді мәжіліс отырысында сөйлеген бас прокурор.



Оның айтуынша, қазір бұл істерге қатысты басқа тұлғалар бойынша айғақтар жиналып, сарапталып жатыр. Сондай-ақ қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығының өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергелуде.

"Бұрынғы қорғаныс министрлігі қамауға алынды. Тергеу әлі де жалғасуда", - деді Берік Асылов.

Еске салайық, бүгін 14 наурыз күні мәжіліс жиналысында Қазақстанның барлық құқық қорғау органдарының басшылары қайғылы қаңтар оқиғасының тергеу барысы туралы есеп беру үшін жиналды. Олар елімізде орын алған қаңтар оқиғалары туралы жаңа деректерді айтуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр