Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үтік басқан полицей де бар: Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды азаптады деген күдікпен ҰҚК-нің 8 қызметкері мен 1 полицей ұсталды

Дүйсенбі күні өтіп жатқан мәжілісі отырысында Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін қамауға алынғандарға қатысты азаптаулар фактісі туралы арыздарды тексерудің қалай жүріп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Прокурордың сөзінше, прокуратураға барлығы заңсыз тергеу әдістеріне қатысты 301 арыз түскен. Түскен арыз бойынша азаптау және қызмет бабын асыра пайдалану бойынша 243 қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте 234 қылмыстық іс тергелуде.

"Уақытша ұстау изоляторларында адамдар қайтыс болған ең атышулы тоғыз істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Осы істер аясында тоғыз жауапты қызметкер құрықталды, оның ішінде сегізі ҰҚК қызметкері мен бір полицей бар. Олардың барлығы соттың шешімімен қамауға алынды. Олардың арасында Алматы облысы ІІД ғимаратында үтік пайдаланды деген күдікке ілінген полицей де бар", – деді Асылов.

Алматыда ҰҚК-нің 6 қызметкері Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматты азаптады деген күдікке ілінді. Мұның салдарынан зардап шеккендердің барлығы түрлі дене жарақаттарын алып, бір адам қаза тапқан.

Алматы облысы бойынша ҚМДБ-ның тағы екі қызметкері бұған дейін уақытша ұстау изоляторында қамауға алынған азаматты ұрып-соғып, сол жерден өлтірді деген күдікке ілініп отыр.

Тергеу амалдары әлі де жалғасуда.

Талқылау