"Қант әперемін": Тараздық бойжеткен жерлестерінің 2 млн теңгесін алып қашып кеткен
Тараздық полицейлер алаяқтық күдігімен 23 жастағы қызды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті қыз қант тапшылығы болып жатқан кезде осынау өнімді қиындықсыз тауып беремін деп жұртты алдап, ақшаларын жинап алған.
Алданған бірнеше тұрғын полицияға арызданып, келтірілген шығынның 2 миллион теңгеден асатыны анықталды.
"Полиция қызметкерлерімен жүргізілген "Anti-fraud" жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда", - деп хабарлады Жамбыл облыстық Полиция департаменті.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр