Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанша қазақстандық тоқшылықта өмір сүреді – Сарапшылар ресми статистикаға пікір білдірді

Desht сарапшылары Отбасының цифрлы картасындағы ресми статистиканы тексеріп көрді. Картаға сүйенсек қазақстандықтардың 89%-ы тоқшылықта күн кешеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

адамдар

Мамандардың айтуынша, бұл сауалнамаға негізделмеген жалғыз мемлекеттік мәліметтер базасы болып отыр. Мұнда жеке тұлғалар емес, үй шаруашылығы бақыланып, ресми кіріс пен несие, мүлік пен жер, автокөлік және қосалқы шаруашылықтар туралы деректерді тіркейді.

"Барлық қазақстандықтар отбасының жай-күйіне қарай 5 топқа бөледі. Отбасының цифрлы картасына сәйкес соңғы үш топқа – "қанағаттанарлықсыз", "дағдарыс деңгейіндегі" және "төтенше" топтарына 2,2 миллион азамат енгізілген. Бұл 20 миллион адамның 11%-ы деген сөз. Өзгелері "қанағаттанарлық" және" ауқатты" топтарына жатады", – деді сарапшылар. 

Сарапшылардың айтуынша, қанағаттанарлық деңгейде өмір сүретін отбасылар келесі талаптарға сай:

  • 2 ересек, 1-2 бала;
  • Жалпы кірісі 500-650 мың теңге;
  • Пәтер аумағы 50-75 шаршы метр, бір көлік;
  • Үлкен қалада немесе облыстық маңызы бар қалада тұрады;
  • Несиесі мен кәсібі жоқ;
  • Екі ата-ана да (ересектер) жұмыс істейді немесе біреуі дектертте.

"Мемлекеттік органдардың әдістемесіне сәйкес бұл талаптарға қазақстандықтардың 89%-ы сәйкес келеді. Сондай-ақ "көлеңкелі" табыс пен мүлік есепке алынбаған", – деп қосты мамандар. 

Талқылау