Қаңғыбас итпен шатастырған: Батыс Қазақстанда қасқыр шабуылынан төрт адам зардап шекті
Батыс Қазақстан облысы Шоқтыбай ауылында қасқырдың шабуылынан кейін үш ересек адам мен бір бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме беріп.

Оқиға 7 мамыр күні болған. Үш адам мен бір бала шабуылдан зардап шеккен. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.
"Барлығына құтыруға қарсы сұйықтық егілді. Қазіргі уақытта бала мен екі ересек үйге жіберілді. Әйел әлі ауруханада жатыр", – деді аудан әкімдігінде.
Әкімдікте қасқырдың көзі жойылғаны хабарланды. Енді құтыру бар-жоғына сараптама жүргізіледі. Жыртқыш жануар тістеп үлгерген иттер де өлтірілген.
Белгілі болғандай, ауыл тұрғындары қасқырды бастапқыда қаңғыбас ит деп ойлаған екен.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар