Қандай ас түрі ұйқысыздыққа алып келеді
Ғалымдар ұйқысыздыққа алып келетін ас түрлерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Колумбия университеті жанындағы колледж дәрігерлері мен хирургтері өз тамақ мәзірі туралы айтқан 50 мың әйелдің деректеріне талдау жасады. Құрамында тазартылған көмірсу көп кездесетін өнімдер ұйқыздық туыдыратыны анықталды. Олардың қатарында қант, ақ нан және күріш кездеседі. Мұндай өнімдер қан құрамындағы қантты арттырады, ал ағза оны азайтам деп инсулин бөлей бастайды. Процесс барысында гормондар көтеріліп, адреналин мен кортизолдың мөлшері артқан соң ұйқы бұзылады.
Ғалымдар жеміс-жидек пен көкеністі көбірек тұтынуға кеңес береді. Жеңіл әрі пайдалы тамақтану ұйқыға жақсы әсері ететіні белгілі.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған