Қанат Ислам: Басты мақсатым- ұлтыма пайдамды тигізу, адам болу

WBO Inter-Continental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу иегері, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe тұжырымдарында бірінші орта салмақ категориясында чемпиондық титул иегері Қанат Ислам Stan.kz тілшісіне кәсіпқой бокстағы ойлары, жоспарлары мен пікірлерін айтып берді.

17426063_1249094778541280_6338616616310579852_n

Фото: Stan.kz

Осы жылдың 18 ақпанында бразилиялық боксшы Робсон Ассисті нокаутпен жеңгеннен кейін Қанат Ислам елге оралған болатын. Осы сәтті пайдаланып спортшымен бірқатар сауалдар төңірегінде тілдесіп үлгердік. Спортшы, мейлінше жоғары жетістікке жетуге талпынатынын, бірақ адамгершілік қай кезде де бәрінен биік тұруы керектігін қадап айтты.

photo_74880

“Дені сау екі адамның бірі чемпион болады. Бірақ адам болу қиын. Сондықтан біздің ойымызда тек чемпион, бокс деген ұғымдар ғана емес, ұлт деген ұғым да бар. Қай салада, қай кәсіп те болмасын ұлттың мүдесі биік тұрмаса, ол адам қателікке ұшырайды. Сол үшін ойлаймын, менің мойнымда да ұлттың мүдесі тұр. Бізден кейін өсіп келе жатқан ұл-қыздар бізге қарап бой түзейді”, – дейді Қанат Ислам.

Боксшы алдағы бір апта көлемінде мамыр айында өткізетін жекпе-жегі туралы мәліметтерді жариялайтынын да айтты. Сонымен қатар, мексикалық азулы Сауль Канело Альвареспен айқасқа шығуы мүмкін деген сыбысқа да өз жауабын берді.

“Мүмкін оның дәрежесі менен жоғары шығар, бірақ менде боксқа кеше келген бала емеспін. Былғары қолғап киіп жүргеніме 20 жылдай болды. Қазақ айтады “құласаң нардан құла” дейді. Бұл мәселені екі жақтың промоутерлері сөйлесе жатыр”, – дейді боксшы.

photo_74893

Қанат Ислам, мамыр мен қыркүйек айындағы кездесуден кейін, жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін.

“Барынша дұрыс режим ұстануға тырысамын. Күнде кешкі 10-ға дейін ұйықтап қалуға тырысамын. Той, жиындарға бара алмай жатамын. Ренжіп те жатады. Спортшыны құртатын нәрсе – қыдыру, қонақ болу, мақтау сөз. Кім мақтауды жек көреді. Бір жерге қонаққа шақырып, алдыңа шәй қойып, үстіңе шапан жауып жатса, жақсы әрине. Бізде олимпиада чемпиондарының көбі бір мәрте чемпион болды да, бокстан кетіп қалды. Олар өздігінен кеткен жоқ, олар шаршаған соң кетті. Талай жеңіске жететін жігіттер еді. Сол себепті аяқты созып тастап жататын уақыт жоқ. Отбасы, бала-шағаның бәрін тастап, тәуекелге бел буып, дайындалып жатырмыз”, – дейді Қанат.

photo_74887

Бұған дейін Қанат Исламның Алматыда өткізген ашық жаттығу барысында кішкентай баланың тұсауын кескенін хабарлаған едік.

2012 жылдан бастап кәсіпқой бокста жүрген Қанат Ислам, осы кезге 23 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында да жеңіске жеткен. Оның 19-ын нокаутпен аяқтаған.

Оқи отырыңыз:

Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді

Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)

Қанат Ислам ағылшынша қалай сөйлейді (видео)

Роналду Мадейра әуежайында өзінің “үрейді ұшыратын” ескерткішін ашты

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады

Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған

Күдікті ретінде үш жасөспірім ұсталды

Адал ит қожайыны көз жұмған соң, 15 минуттан кейін өлді

Ер адам 8 жыл бойы ми рагымен күрескен