Қанат Әлжаппаров Айнұр Тұрсынбаеваны мазақ етті
Қанат Әлжаппаров шұжық шығарған Айнұр Тұрсынбаева жайлы жазды. Желі қолданушылары әзілкештің әрекетін мазақ етті деп топшылады.
Айта кетейік, бұған дейін Айнұр Тұрсынбаеваның шұжық шығарғаны хабарланды. Тұрсынбаева ханымның қазақша көйлек пен сәукеле киген суреті шұжықтың сыртына бейнеленген. Әзілкеш Қанат Әлжаппаров өз суретін жариялап, оқырмандарына ой тастады.
"Мына суретім шұжықтың сыртына қоюға жарай ма?", - деп жазды әзілкеш.
Көпшілік әңгіменің төркінін ұға қойды. Бірі күлкіге қарық болды, бірі ойын айтып жатыр.
- Арман Қуанышбаев дінді мазақ еткен Қанат Әлжаппаровқа жауап берді
- Қанат Әлжаппаров: Әйеліммен кафеде таныстым, оған қарыз болған соң үйлендім
"Арақтың сыртына қоя салшы", - деп жазды Аманғали Сыпабеков.
"Айнұрдың шұжық сыртына сәукеле киген суретін қойғаны қалай кетті?", "Сіздің суретіңіз шұжыққа тура келеді", "Біреуді мазақ қылуды қою керек қой, болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді", "Бұған айтыскердің өзі не дер екен?", - деп жазды желідегілер.
Әзілкеш бірнеше уақыттан соң желідегі бұл жазбасын өшіріп тастады.