Канадалық әже 5 сағат планкада тұрып, өз рекордын жаңартты
8 қазан күні 61 жастағы әйел АҚШ-тың Юта штатында өткен Huntsman World Senior Games атты қарт адамдарға арналған әлемдік ойындарда планка жаттығуын 5 сағат бойы орындап, өзінің әлемдік рекордын жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Донна-Джин Уайлд 50 жастан асқан адамдардың спорттық жетістіктеріне арналған ойындардың ашылу салтанатында рекорд орнатуға тырысты.
Ол планка қалпында 5 сағат бойы тұрып, 2024 жылы өзі орнатқан Гиннестің әлемдік рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорды 4 сағат 30 минут 11 секунд болған.
Huntsman World Senior Games ұйымының бас директоры Кайл Кейс Уайлдтың жетістігі егде жастағы адамдарға арналған ойындардың негізгі мақсатын көрсететінін айтты.
"Қазіргі жағдайыңды түсініп, тоқтап қалудың қажеті жоқ екенін ұғыну маңызды. Айналысып жүрген ісіңді әрі қарай жалғастыра аласың", – деді Кейс өзінің берген сұхбатында.
Оның айтуынша, спортпен қатар, адам жасы ұлғайған кезде де өзіне ұнайтын көптеген іспен айналысуды жалғастыра алады.
Еске сала кетейік, АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет 2009 жылы Техас штатындағы Форт-Худ әскери базасында қарусыз 13 америкалық сарбазды өлтірген АҚШ армиясының бұрынғы әскери психиатры Нидал Малик Хасанның өлім жазасы көпшілікке тікелей эфирде көрсетілетінін мәлімдеді.
Алматы облысында жүзге жуық ит асыраған ер адамды өлтіріп кеткен
