Канадалық боксшыны нокаутқа жіберген Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте көтерілді
Орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланді жеңгеннен кейін BoxRec рейтингіндегі позициясын жоғарылатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лос-Анджелесте өткен жекпе-жек 5-раундта аяқталып, Әлімханұлына алғаш рет WBO Global-дың екінші дәрежелі белбеуі мен WBC Continental Americas өңірлік атағын қорғауға көмектесті.
Әлімханұлы осы жеңісінен кейін BoxRec рейтінгінде орта салмақтағы боксшылар арасында 64-орыннан 63-ке көтерілді.
Аталған рейтингте Әлімханұлынан жоғары тұрған қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин (2-орын) мен Қанат Ислам (32-орын) болды.
BoxRec-тің орта салмақтағы боксшылар рейтингінде жалпы саны 1580 боксшы көрсетілген. Онда WBC мен WBA чемпионы, мексикалық Сауль Альварес көш бастап тұр. Ал тізімдегі үшінші орынға америкалық Дэниел Джейкобс жайғасқан.
Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы өзін Борат деп мазақтаған қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен еді.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"