Перзентхананың 14 медбикесі бір уақытта жүкті болып қалған
Канаданың Монреаль қаласындағы ауруханалардың бірінде 14 медбике бір уақытта жүкті болып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жүкті болған медбикелердің барлығы ЛаСалле ауруханасының перзентхана бөлімінде жұмыс істейді. Қызметкерлердің бірінің айтуынша, бұл ауруханадағы “дәстүрдің” бір түрі екен. Бұған дейін де бірнеше медбике бір мезгілде жүкті болған оқиғалар кездескен.
Медбикелердің жүктілік кезеңдері әртүрлі, сондықтан олар әртүрлі уақытта босанады. Олардың көпшілігі жұмысты соңына дейін жалғастырып, босануға екі апта қалғанда ғана демалысқа шығуды жоспарлап отыр.
Осыған қарамастан, аурухана басышылығы жұмыс күшінің тапшылығына алаңдайды және кетіп бара жатқан қызметкерлердің орнына кадрларды белсенді түрде іздеуде. Перзентхана меңгерушісі қол астындағыларды тоқтатып, жиі жүкті болмауға шақырған.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"