Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадада қазақстандық студентті қағып мерт қылған жүргізуші мас болған

Канадада мерт болған студентті қаққан жүргізуші көлікті мас күйінде айдағаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үш студентті көлікпен соғып кеткен азаматқа 9 айып тағылыпты, солардың бірі - көлікті мас күйінде жүргізуі. Бұған қоса жергілікті БАҚ жүргізушінің мүмкіндігі шектеулі азамат екендігін айтқан. 

Естеріңізге салайық, 22 желтоқсан күні жүргізуші темір тұлпардың тізгініне ие бола алмай, үш жаяу жүргіншіні қағып өткен. Олардың екеуі оқиға орнында жан тапсырған. Көз жұмғандардың арасында қазақстандық студент Дамир Құсайын болыпты. 

Дамир Құсайын Торонто қаласына биыл қыркүйек айында оқуға түскен. Ол канадалық колледждің робототекника факультетінде білім алып келіпті. Дамирдің курстас достары студенттің өте көңілді және анасын үнемі айтып жүретіндігін жеткізді. Жігіттің денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. 

Талқылау