Қамшыбек Коңқабаев кезекті жекпе-жегіне дайындығын бастады
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Коңқабаев кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегіне дайындығын бастады. Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боксшы жекпе-жекке дайындықты Мәскеуде өткізбекші. Кездесу жыл соңында Алматыда болады деп жоспарланған.
"...Бұйырса жыл соңында Алматы қаласында өтетін кезекті жекпе-жегіме дайындықты Мәскеу қаласында пысықтайтын боламын. Сапар сәтті өтіп, ойдағыдай дайындықпен келіп, сіздерге жарқын жеңіс сыйлауды нәсіп етсін", – деп жазды боксшы.
Қазақстан құрамасы Белградта өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Жарыс 10 күннен соң басталады. Бастапқыда Коңқабаев дайындыққа қатысады деп жоспарланған.
Айта кету керек, Қамшыбек Қоңқабаев Токиода өткен Олимпиадада қола медаль иеленген.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған