"Камераларды қиратып, полиция басқармасына кірген": Қызылордада әскери жүк машинасын иемденіп алған қаскөй ұсталды
Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери техниканы тартып алып, нысандарды талқандамақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

5-қаңтар күнгі бейберекетсіздік кезінде қаскөй облыс әкімдігі маңындағы қақтығыста әскери жүк машинасын иемденіп алған. Сөйтіп көшедегі бақылау камераларын қиратып, артынша әкімшілік полиция басқармасының қақпасын бұзып кірген. Осылайша бұзақылардың ішке кіруіне жол ашып беріпті. Ал өзі оқиға орнынан бой тасалап үлгерген. Алайда күдікті көп ұзамай қолға түскен. Енді ол жасаған ісі үшін заң алдында жауап бермек.
“Жаппай тәртіпсіздік дерегімен және ҚР ҚК 202-бабы, 2 бөлігі, 1-тармағымен бөтеннің мүлкін жою дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті күзетпен ұсталып, қамауға алынып, бұлтартпау шарасы қолданылды”, – дейді Қызылорда қалалық полиция департаменті бөлім басшысының орынбасары Айдос Ақбаев.
Талқылау
BI Group жалдаған компания жұмысшыларына еңбекақысын төлемеді деп айыпталды
Әйелдің айтуынша, тексерісті BI Group компаниясының ішкі қауіпсіздік қызметі жүргізген
Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады