Қалыңдық көбейту кестесін білмегені үшін күйеу жігітін той үстінде тастап кетті
Үндістанда қалыңдық көбейту кестесін білмегендіктен үйлену тойынан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Той 1 мамырда Уттар-Прадеште өткізілуі керек болған. Жас жігіттің біліміне күмәнданған қыз одан 1-ден 9-ға дейінгі сандарды екіге көбейтуді сұрапты. Күйеу мұны істей алмағаннан кейін, қалыңдық оған үйленуден бас тартты.
"Күйеу жігіттің отбасы оның білімсіздігін жасырып келген. Мүмкін ол тіпті мектепке бармаған шығар", - деді қыздың немере ағасы оның іс-әрекетін мақтан тұтатынын айтты.
Порталдың хабарлауынша, отбасылар үйлену қарсаңында жасалған сыйлықтар мен зергерлік бұйымдарды бір-біріне қайтаруға келісті.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"