"Қалың малы 10 млн теңге": Мәдина Оспан арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қызын қолдады
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қыздары туралы ақпарат көптеп тарауда. Бұрымдылардың бірі афроамерикалықтың, енді бірі француздың, енді бірі арабтың етегінен ұстауда. Актриса Мәдина Оспан бақытын өзге елден тапқан қыздарға қолдау білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Арабқа қазақ қызы тұрмысқа шығып жатыр деген видео маған көп келіп жатыр. Шықсын, не болыпты? Мен қарсы емеспін.
Қазақтың жігіттері әйелдерін ұрмай ма? Ажыраспай ма? 5 балаларымен қаңғытып жібермей ме? Жасайды ғой. "Абьюзерлар" жетеді бізде. Біздің қазақтар мінсіз болып, басқа ұлтқа шығып жатса, сіздердің наразы болып жатқандарыңызды мен түсінер едім", – деп пікір білдірді актриса.
Айта кетейік, Instagram-да араб жігітіне тұрмысқа шыққан қыздың видеосы тарады. Онда араб азаматы қалың мал ретінде қыздың анасына 10 миллион теңге табыстаған. Видеоны бөліскен блогерлердің бірі Дәулет Мұқаевтың (dauletten) айтуынша, оқиға Түркістан облысының Кентау қаласында болған.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған