"Қалың көрпе жауып, ауа жетпей қалған": Егіз баласын өлтіріп алған әйелге үкім шықты
Қарағандыда егіз баласын өлтіріп алған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Бұл әрекетке абайсыздан барғанын айтқан анаға 2 жарым жыл шартты жаза кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.

Балаларын байқамай өлтіріп алған ол әу баста өз кінәсін мойындап, ағынан жарылған. Әйел ішімдікке тойып алып, балалардың үстіне қалың көрпені жаба салғанын жасырмайды. Содан бүлдіршіндерге ауа жетпей қалған.
Сот процесі бір апатаға да созылған жоқ. Өз кінәсін мойындаған сотталушыға ауыр жаза қолданылмады.
"Сот оның бұған дейін сотталмағанын, екі баласы барын және қылмысын мойындағанын ескерді. Сондықтан екі жыл алты ай мерзімге бостандығын шектеу жазасына кесті", - дейді судья Еркеш Мәукен.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған