Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолғап – 300 мың, шәлі – 600 мың теңге": Роза Бағланованың бұйымдары аукционға шығарылды

ҚР халық әртісі, қоғам қайраткері Роза Бағланованың тұтынған заттары аукционға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kuralay_corich/

Марқұмның артында қалған ұлы мен келіні еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмектесуге ниет білдірген. Осылайша аңыз тұлғаның көзінің тірісінде тұтынған заттарын сатуға шығарған. 

“Апаның екі затын аукционға ұсындық. Барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Ұтқан жандарға апамыздың энергиясын берсін! Ырымдап қолғабын киіп, шәлісін жамылып жүрсін!”, – деп жазды Роза Бағланованың келіні Марал Тәжібаева. 

“Біз екеуміз” фильмінің жабық көрсетілімінде әртістің Louis Vuitton брендінің қолғабы мен құндыз жағалы шәлісі сатылымға шықты. Көрермен түрлі бағаны ұсынып, соңында Құралай Анарбековаға қолғабы мен журналист Айнұр Асанбердіге шәлісі бұйырды. 



Ұтысқа ие болған актриса Құралай Анарбекова аукционның видеосын Instagram парақшасында жариялады. Ол Роза Бағланова киіп жүрген қолғабын 300 мың теңгеге сатып алғанын көрсетті.

"Бұл бағалы заттарды қайырымдылық қорына сыйлық қылып ұсынамын. Басқа аукциондарда олар үлкен ақшаға сатылады. Өз миссиялары (мұқтаж жандарға аукцион арқылы қаражат жинап, көмек беру), орындай берсін", – деп жазды кинопродюсер.

Актриса тарихи жәдігерді жарысу емес, көмектесу мақсатында сатып алғанын жеткізді. Ал ұйымдастырушы Гүлнұр Мамасарипова аукционнан түскен қаражат толықтай қорға жіберілетінін растады. Кино саласының мамандары су тасқынынан зардап шеккендерге осылай көмектеспек. 

Айта кетейік, Роза Бағланованың қолғабын сатып алуға Гүлназ Жоланова да ниет білдірген көрінеді. 

Талқылау