"Қалауыңыз бойынша көмек көрсете алмаймыз": НАТО Зеленскийдің Украина әуе жолын жабу туралы өтінішін қабылдамады
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон баспасөз мәслихатында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Украинаның әуе жолын жабу туралы өтінішінен бас тартуға мәжбүр болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол Ұлыбритания мен НАТО-ның басқа елдері Украинаның үстінде ұшуға тыйым сала алмайтынын, өйткені бұл Ресеймен тікелей қақтығысқа әкелетінін және НАТО мұндай жағдай болғанын қаламайтынын айтты.
"Британ үкіметі сізге қалауыңыз бойынша көмек көрсете алмайды. Мен бұл туралы ашық айтқым келеді. Украина арқылы ұшуға тыйым салу туралы сөз қозғаған кезде Зеленскийге бірнеше рет мұндай әрекет Ұлыбритания тікелей соғысқа кіріп, Ресейге қарсы шығады деген ұғым екенін түсіндіргенмін. Бұл біздің қолымыздан келетін нәрсе емес", – деді Джонсон.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді