Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қағып, елу метрге дейін сүйреп кеткен": Алматыда көлік жүргізушісі адам өлтіріп ізін суытқан

Жедел іздестіру бөлімінің қызметкерлері Алматының шағын аудандарының бірінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіні іздеп тапты. Жүргізуші адамды қағып, 50 метр жерге дейін сүйреп, оқиға орнынан бой тасалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

дтп

Оқиға кешкі уақытта Шаңырақ-2 шағын ауданында орын алды. Куәгерлердің айтуынша, автокөлік Рахимов қысқа көшесі бойымен үлкен жылдамдықпен келе жатқан. Келе жатқан ер адамды байқамай, шетелдік көліктің жүргізушісі сол жылдамдықпен қағып, 50 метрге жуық жерге сүйреп кеткен. Содан кейін Жанқожа батыр көшесіне шығып, белгісіз бағытқа қашып кетті.

1989 жылы туған жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен және криминалистермен бірге оқиға орнына іздестіру бөлімінің өкілдері шықты. Оларға куәгерлермен сөйлесіп және көшедегі бақылау камераларынан бейнелерді зерттеу үшін бірнеше сағат қажет болды. Осының арқасында олар оқиға орнынан жасырынған шетелдік көліктің нөмірін және оның иесінің жеке басын анықтай алды. Түнгі сағат екі шамасында ол ұсталды.

Қазір полиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам көлік жүргізбестен бұрын алкоголь немесе басқа да тыйым салынған заттарды тұтынғанын анықтау үшін медициналық куәландыруға жеткізілді.

Талқылау