Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кафені тонау кезінде өзін салмақты ұстап тұра берген кассир бәрін таңғалдырды (видео)

Канзас-Ситидегі Jimmy John’s кафесі кассирінің тонаушылық әрекет кезіндегі өз-өзін салмақты ұстап тұра беруі желі қолданушыларын таңғалдырды.

8787

Роликте қылмыскер әуелі тапсырыс беріп, содан кейін тапанша тақап, кассирді қорқыта бастайды. Асықпай кассаны ашқан кассир маңдайына қару тақаса да саспай тұра береді. Шамамен 30 секундтан кейін қылмыскер кетіп қалады.

YouTube және Twitter желісіндегі көптеген қолданушылар кассир жігіттің салмақтылығына таңғалып пікір білдірген. Ал бірқатары “кассир жігіт тапаншаның өтірік қару екенін біліп тұр” деген сыңайда жазады.

Көп ұзамай полиция да тонаушының кім екенін анықтады. Ол бұрын да қару кезеніп тонау жасап сотталған 54 жастағы Терри Рейфорд екен.

Оқи отырыңыз:

Әзілкеш жігіт әлеуметтік желіде ғана “әдемі” болатын қыздарға ән арнады (видео)

Жылқының тұяғына педикюр жасаған жігіттердің әрекеті елді шошытты (видео)

Пойызда билеген жолсерік жігіттің биі қыздарды ғашық етті (видео)

Сиырды арқалаған ер адам бірнеше көлікті сүйреп таңғалдырды (видео)

Талқылау