AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір жылдық тағдыр жазылатын түн": Имам Қадір түнін қалай өткізу керек екенін айтып берді

27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні. Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын бұл түнде жамағат дұға етіп, Алладан кешірім тілейді. Бұдан бөлек, қасиетті түнді қалай өткізген жөн? Алматылық имам Руслан Қамбар Stan.kz тілшісіне айтып берді.

– Қамбар мырза, Қадір түні несімен қасиетті? 

– Қадір түні хақында Құранда бірнеше аят бар. Сол аяттардың бірінде "Біз оны (Құранды) құтты-берекеге толы қасиетті түнде түсірдік" (Духан сүресі, 3-аят) деп баяндалады. Деректерде, Құранның түсуі екі кезеңнен тұрады. Бірінші, күллі тіршіліктің тағдыры жазылған "Ләухул Махфуз" қабатынан, дүние аспаны "Бәйтүл Ғиззәға" түсуі. Екіншісі кезеңі, пайғамбарымыз уахи етуі. Бұл Қадір түнінде болған үлкен оқиға.
Екінші қасиеттілігі қадір түнінде бір жылдық тіршіліктің һәм адамзаттың тағдыры бекітіледі. Осыны меңзеп пайғамбарымыз бұл түннің жақсылығынан мақұрым қалған адам жақсылық атаулыдан құр қалады деген.

Қадір сүресінде "Ол түні періштелер мен Рух (Жәбірейіл) Раббысының рұқсатымен әртүрлі іс атқару үшін лек-легімен түскен үстіне түсе береді" деп айтылған. Жәбірейіл періштенің түсуі де бұл кештің маңыздылығын көрсетеді. Пайғамбарымыз періштелер Жер бетінің барлық аумағына түсетінін айтады. Сонымен қатар сол түннің таңында күн көзді талдырмайтындай болып көтеріледі деген мәліметтер бар. Таң сарғайып емес, бозарып атады. Себебі періштелер бейне бір көлеңкелеп жатқандай болады. 

– Қадір түнін қалай күту керек? 

 – Қасиетті түнде ұйықтамай отыру, таң атқанша басқа да парыздар жасау міндетке қойылмайды. Ол адамның өз еркінде. Бірақ түннің қасиеттілігі мен сұралатын тілектердің маңыздылығына байланысты әрбір мұсылман Қадір кешінде құлшылық етуге тырысады. Әсіресе, біздің Қазақстанда ерекше қастерленеді.

Тағы да бір жайт бар. Біздің Исламда ең маңызды дүниелердің барлығы міндетті түрде құпия болып саналады. Соның ішінде Қадір түні де бар. Бұл түн нақты мына датада деп ешкім айта алмаған. Бірақ басым көпшілігі 27-не қараған түні деп болжайды. Кей деректерде соңғы 10 күнің тақ түндерінде болады деген мәлімет бар. Себебі адамдар сол түннің маңыздылығына мән беру үшін және өз тілектерін айту үшін Қадір түні болуы мүмкін деп соңғы он күннің тақ түндерін айтады. 
Қадір түнін бізде кең тараған үрдіс көпшілік мешіттерге барып күтуге тырысып жатады. Оның себебі жастар немесе мұсылмандар осы кешті қалай дұрыс өткізуді білу үшін мешіттерде біз ұйымдастырған жиынға келіп көреді. Ал негізінде мешітте күту ол міндетті дүние емес. Мәселен, ағайын түрік бауырлар Қадір түні құптан және тарауих намазынан кейін, енді бала-шағамызбен таң атқанша тілек айтайық деп тез үйіне жетуге тырысады. Үйде отбасымен бірге дұға-тілек жасап, құлшылықпен отыруға әрекет жасайды.  

Жалпы, Қадір түнінде дұға ең бірінші кезекке шығатын құлшылық болып саналады. Мәселен мешітте ең абзал нәпіл құлшылық намаз оқу. Ал енді Қадір түнінің ерекшелігі басқа ғибадаттарға қарағанда дұға жасау алдыңғы қатарға шығады. Ал дұға ету кез келген адамның қолынан келеді. 

Пайғамбарымыздан жұбайы Айша анамыз "Қадір түніне дөп келсем, түннің Қадір түні екенін білсем Құдайдан не тілеуім керек?" деп сұраған екен. Сонда пайғамбарымыз "Уа Алла, Сен кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің біліп, білмей істеген күнәмды кешіре гөр" деп сұра деген екен. Қадір түнінде барлық тілекті айтуға болады. Көкейдегі, алдағы жоспарлар, мақсаттардың орындалуын, сол жолда күш бер, соған жігер бер, қуат бер, мүмкіндік бер деп Алладан сұрауға болады. Кез келген бала-шағаға, ата-анамызға, елге арналған тілектерді қосуға да рұқсат.

Пайғамбарымыз дұғалардың ең төресі кешірім сұрау екенін айтады. Алладан кешірім сұраған кезде жоспарлаған мақсаттың орындалуына ең төте жол сол болады. Айша анамызға да солай кеңес берген.

Ал жалпы әрбір адам сол түнде мақсат етіп бір жылға жоспарлаған мақсатын: оқуы бар, жұмысы бар, шаңырақ көтеруі бар, тағысын тағы сұраса болады. Сұрағаннан кейін енді дұғаның екінші жартысын ұмытпауымыз керек. Бұл сол тілектің негізінде әрекетке кірісу. 

Әрбір уақыт құтты қадірлі ғой, қазақта мынадай бір жақсы сөз бар: "Әр кісіні Қыдыр біл, әр уақытыңның қадірін біл" деген. Соған орай әр кісінің Алланың алдындағы ұнатқан ісі болады. Қадір түні өте маңызды деп қалған уақыттарға мән бермеу ол да үлкен қателік. Біздің әр күніміз, әр сағатымыз Рамазан айынан да тыс уақыттар да өте маңызды. Енді оқуға түсіп, шаңырақ көтергім келеді, үлкен кәсіп бастап, елге пайдалы бір әрекет жасап, қызметке тұрғым келеді деген жоспарларын Алладан сұрайтын болса, дұғаның келесі жартысында мейлінше білек сыбанып әрекетке кірісуі керек. Бұл дұғаның екінші жартысы болып саналады. Жұртшылықтан соны ұмытпаса екен деймін.

– Қадір түнінде аспаннан Қыдыр әулие  түседі деген сенімдер де халық арасында жоқ емес. Бұл қаншалықты дұрыс мәлімет?

 – Енді бұл сенімдер біздің бала кезімізде баршамызда болды. Қыдыр ата келеді, сол күні терезе-есіктерді ашып қою керек, шын пейілмен жасалған дастарханыңа дәм ауыз тиіп, өзінің белгісін білдіріп кетеді деген ұстанымдар болғанын жасырмаймыз. Кімнің шаңырағына Қыдыр ата келіп дәм ауыз тиіп кетсе, соның шаңырағына құт келеді деп айтылып жүруші еді. Негізінде Қыдыр ата деген Қыдыр пайғамбар, Қызыр деп айтамыз. Ол Құранда бар. Бірақ бұл түнмен оның байланысы жоқ. Екеуі екі бөлек ұғым. Жалпы Қадір түні деп айтылу себебі тағдырдың бекітілуі деген мағынаны білдіреді. Жаңағы хадистерде аяттың тәпсір түсіндірмелерінде сол түні бір жылдық адамзаттың несібесі, өмірі, басқа да ең маңызды дүниелері өлшенеді делінген. 

– Әйелдерге Қадір түнін мешітте қарсы алуына бола ма? 

– Әйел кісілер келемін десе, келіп жатады. Қазақстан бойынша мешітте күтуге тыйым салынбайды. Тіпті таңғы сәресі де ұйымдастырылады. Бірақ десе де ең дұрысы – өзінің шаңырағында күткені.

Жаз маусымындағы түнгі уақыт өте қысқа. Оны жолға немесе орын іздеуге, қолайлы жағдай жасауға немесе сондай бір сәресін қайдан ішемін деген сияқты тағысын тағы керек емес мәселелермен уақытты жіберіп алғанша, оны тиімді пайдаланып, үйде кешкі намаздан кейін таңға дейін алдын ала жоспарлап, тілектерін айтып, дұғасын жасап, бала-шағасымен әңгімелесіп өткізген әлдеқайда орынды болады деп ойлаймын.

Сұхбатты дайындаған: Мұхатай Гүлсезім, Нұрсұлтан Нұрманбек

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр