Кабулда американдықтар орналасқан қонақүйдің жанында екінші жарылыс болды
Кабулдағы әуежай маңында бір күнде бір емес, екі бірдей жарылыс болды. Бұл туралы FoxNews, сондай-ақ Түркия қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Телеарна хабарлағандай, бірінші жарылыс әуежайда болса, екінші жарылыс құтқару операциясына келген американдықтар орналасқан Барон қонақүйінің жанында болды.
Алдын ала болжам бойынша, жарылысты ДАИШ ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жақтастары ұйымдастырған.
"Талибан" ұйымының мәліметі бойынша бірінші жарылыстан кейін кем дегенде 13 адам қаза тапқан, олардың арасында балалар да бар. Сонымен қатар жарылыстан тәліптер де зардап шеккен. Сондай-ақ "Әл-Жазира" телеарнасы 50-ден астам жаралылар туралы мәлімет таратты.
Жарылысты жанкешті ұйымдастыруы мүмкін деген болжам бар.
Бұған дейін, Ауғанстан әуежайына жақын аумақта жарылыс болғаны хабарланған болатын.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ