Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қабырғаның қолдауы керек": Бағлан Әбдірайымов әйелдерді ерлерге шабыт беруге шақырды

Бағлан Әбдірайымов отбасындағы ер мен әйелдің орны, миссиясы туралы сөз қозғады. Әншінің пайымынша, жақсы әйел кез келген еркекті төрге сүйрейді, деп жазады Stan.kz.

"Әрбір мықты ердің артында алып күш тұрады. Ол – әйел!
О баста Алла жұп қылып жаратқан соң бір-бірінің миссиясын толық түсінуі керек. Түсінбесең, өмірде жолың болуы екіталай. “Жақсы әйел еркектің басын хан етеді, түсінбесе қор етеді” деген де тәмсіл бар. Сондықтан біздің үйдегі жарлардың рөлі зор.

“Қабырғаммен ақылдасайын” деген жігіттің әңгімесінде мән бар. Біздің алысқа шабатынымыз бәйгеге ат баптағандай, әйелдердің де өмірлік бәйгеде баптауы маңызды екен", – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Әбдірайымов қазақтың әр жігітінің мықты, іскер, кәсіпкер бола алатынын, тек ол үшін қабырғаның қолдауы керектігін айтты. 

"Сондықтан үйдегі хандарыңызды мазасыз күй кештіргенше, мағыналы күй тыңдатыңыз. "Келісіп пішкен тон келте болмайды". Ер азаматтың қадіріне жетіп, үнемі шабыт беруді ұмытпаңыз.

Еркекті мақтау арқылы атқа да, дауға да, жауға да, кәсіпке де, нәсіпке де бағыттай аласыз. “Арам, жалқау, қолыңнан түк келмейді, елдің байы анау, біздікі мынау т.б.” дей берсеңіз онда өзіңізге және отбасыңызға ор қазғаныңыз.

Түйін: шабыт бер, мақта, бапта, үміт үзбе! “Жасасын қазақтың келіндері” деп постты қорытындылайын.


"Мен сөйлегенде, араласпа": Бүркіт балаларын қалай тәрбиелейтінін айтты


Қандай бір жақсы кәсіп, идея, орта болса, уйдегі тұлпарды додаға қосыңыз, қайраңыз, қамшылаңыз! Өйткені әйелден (сүйіктіңнен) артық мотивация беретін жан санаулы!" – деп түйіндеді жазбасын ол. 

Алайда бір топ оқырманның Бағланмен ойы бір жерден шықпады. 

"Осы біздің қазақ еркектер әйелге жалтақтамай, мені әйел қолдаса деп жүрмей-ақ, неге өздері шаба бермейді екен, қай әйел ойбай тоқта деп еріне кедергі болар екен, жоқ әйелге жалтақтаған бір еркек, сосын жаттап алған бір сөздері бар "жақсы әйел жаман еркектің басын өрге сүйрейді.. тата та тата та" деп, әр адам ер болсын, әйел болсын бөлек болмыс емес пе! Сонда еркек байғұс екен де, оны үнемі тартып жүретін әйел поровоз болғаны ма?! Осы көзқарастан арылатын уақыт келді, ал мақалсымақтарды да өзгертетін кез келді, осыны естіп өскен бала қалай өзі шешім шығаратын нағыз ер болып қалай өспек?" – деп назын білдірді оқырманның бірі. 

Алайда Әбдірайымов бұл жазбасы арқылы әйелдерді құрметтеуге шақырғанын айтып ақталды. 
 

Талқылау