Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеужігіті жол апатына түсіп аяғынан айырылған Талдықорған тұрғынын тастап кетті

Аяз атаға жазған хатымен қазақстандықтардың жүрегін тебіренткен Әсел Хусаинова бастан кешкен оқиғасын КТК арнасының «Другая правда» бағдарламасында айтып берді.

асель1212-2

Әсел Хусаинова. Фото: Facebook

Бойжеткен Алматыдағы ЖОО-ның бірін тәмамдап, үйіне қайтуға асығады. Қуанышы қойнына сыймай алып ұшып келе жатқанда мінген көлігі жол апатына ұшырайды. Әсел көліктің алдыңғы жағына отырған. Жедел жәрдем қызметін күтпестен оны емханаға жеткізеді. Алайда дәрігерлер қолынан келетін дәрмен жоғын айтып, ата-анасын қыздарымен қоштасу үшін палатаға кіргізіпті.

Әсел ессіз күйде жатқанда оның аяғын кесуге тура келеді.

«Мен үнемі аяғымды сезетінімді айтып жыладым», – дейді Әсел.

Алайда, қызға физикалық соққыдан гөрі моральді соққы ауыр тиді. Одан сөз байласып жүрген жігіті теріс айналды. Олар қайғылы оқиға болмай тұрғанда екі аптадан соң үйленетін болған. Бірақ, күйеужігіт Әселдің құрбысына үйленіп кеткен.

“Үйлену тойымыздың болуына екі апта қалған. Бәріне дайын едік. Кейін жігітімнің менің құрбыма үйленгенін естідім”, – деп бойжеткен сатқындық жайлы айтып берді.

6 жылдан бері Талдықорған тұрғыны Әсел 30 ота жасатты. Елдің беделді емханаларына қаралып көрді. Жарты жыл бұрын оның аяғын бөксесіне дейін кесуге тура келді.

Бірнеше ай бойы Әсел ешқандай ауырсынуды сезбеген. Тіпті жұмысқа да шығыпты. Бірақ, жақында құлап қалып, аяғы қата іріңдеп кетті. Дәрігерлер аяғын енді жамбасына дейін кесу керегін айтыпты.

асель1212

Әсел біткен жеріне ем жасауда КТК арнасының кадры

«Дәрігерлер менде екі жол барын айтты. Оның бірі: аяғымды жамбасыма дейін кесу. Мұның жақсы емес екені белгілі. Мен өмір бойы төсекке таңылып жататын болам. Немесе Қытайға, өзге елдерге барып емделіп көру. Аяз ата, менің үмітімді ақтап, қайырымды адамдарды табуға көмектесші. Менің протезбен жүре алатындай қалпымды сақтауға қол ұшын беретін жандарды тауып берші. Жаңа жылға маған осынай сый жасашы», – деп жазады Әсел Хусаинова өз хатында.

Желіге тараған хат арқылы Әселдің еміне қомақты қаражат жиналып, Әсел Қытайға емделуге аттанды.

«Ешқашан менің қайғыма осыншама адам қарайласады деп ойламаппын. Бәріне алғыс айтам», – дейді Әсел.

Жіберіп алмаңыз:

Мыстан әйел алматылық гейдің көзқарасын өзгертуі үшін оны емдеп көрді

Ділназ Ахмадиева отбасылы еркекті сүйіп қалғанын ашып айтты

Әлемдегі пәктігін сақтаған ең қарт қария нәпсіні тыюдың сырын айтты

2017 жыл қандай болмақ?

Талқылау