Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мыстан әйел алматылық гейдің көзқарасын өзгерту үшін оны емдеп көрді

Алматылық Нұрбек “Экстрасенстер шайқасы” бағдарламасына қатысты. 24 жастағы жігіт өзінің гей екенін, ерекше мүмкіндігі бар адамдардан оны қалпына түсіруін сұрады.

Экстрасенстер 6 адамның ішінен гомосексуалисті тауып көрді. Бұл шартты бағдарламаның жарты қатысушысы орындай алды.

Надежда Шевченко, Свами Даша мен Мэрилин Керро баланың көзқарасын өзгерте алатынын, алайда оның бақыт әкелмейтінін айтты. Нұрбекке өзін осы қалпында жақсы көруі керек екенін атады.

41546393

Тек қана Дария Воскобоева ғана еш ақталмастан қазақстандық жігітті өзгертуге бел байлады. Оның магиялық емі ешқандай камерасыз өтті. Кейіннен сәуегей әйел Нұрбектің сексуалды көзқарасы өзгерту үшін 9 ай уақыт керек екенін атады.

Кейіннен Нұрбек ресейлік шоулардың бірінде жағымсыз пірір жазған отандастарына шағым айтты.

“Желіде менің қазақ халқын ұятқа қалдырғанымды жазып жатты”, – дейді Нұрбек.

Нұрбек  гомосексуалист деп күдіктенгендердің өзін бірнеше рет соққыға жыққандарын айтты. Ол курстастарымен, ата-анасымен сөзге келіспей өзіне қол салғысы келген кезі де болғанын жасырмады.

Нурбек

Алматылық жігіт КТК телеарнасынан өтетін “Наша правда” бағдарламасына келуге қорыққан жоқ.

“Менің басымнан тепті. Мен 3 рет ота жасаттым. Әлі күнге дейін мұрныммен дұрыс тыныс ала алмаймын”, – дейді Нұрбек.

Ол университетте өзінің гей екенін айтып мазақ қылған кезде дәрі ішкенін айтты.

“Мен бала кезімнен өзімнің сексуалды көзқарасым басқа екенін сезініп жүрдім. Ал, 9-сынып оқып жүргенімді бір жыныстылардың өмірде барын білген соң өзімнің жағдайыма нақты көзім жетті”, – дейді ол.

Алматылық жігіт психолог мамандарға барып, бір апта бойы мешіт имамына қаралған. Имам оның ішіне кіріп кеткен жынды қуған. Оған ең қиыны бұл жайлы басқаларға айту болыпты.

“Қазақ халқының менталитетінде шектеулер бар. Ата-ана баласының жағдайына алаңдамайды. Ата-анам менің мәселеммен ешқашан бас қатырған емес. Үйге келгенде әкем: “Көңіл-күйің қалай?” деп сұрайды. Мен “Жаман” десем, “Жаман деп айтуға болмайды” дейді. Ал, неге жаман екенін ешкім ойланбайды”, – дейді Нұрбек.

Діни сенімдегі әкесі ұлын айыптап, ақырзаман келе жатқанын айтқан. Айтуынша, қоғамда гейлердің пайда болуы ақырзманның белгісі.

маманурбека1212

Нұрбектің анасының айтуынша, ұлының мұндай жағдайын ол 1-курс оқып жүргенде білген. Оны қолдауға тырысыпты. Ол бағдарламаға келіп ұлын қандай болса да қабылдайтынын және әкесінің де оны жақсы көретінін айтты.

Нұрбек қазіргі уақытта дәрігер мамандығында оқып жатыр. Ол офтальмолог маманы болуды армандайды.


Жіберіп алмаңыз:

Ділназ Ахмадиева отбасылы еркекті сүйіп қалғанын ашып айтты

Әлемдегі пәктігін сақтаған ең қарт қария нәпсіні тыюдың сырын айтты

14 жастағы жасөспірімге жын кіріп кетті (фото, видео)

2017 жыл қандай болмақ?

Талқылау