Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі қыз бала туғаны үшін тастаған әйел екінші отбасында 14 бала тәрбиеледі

Тамара Рақымжанова 18 жасында тұрмысқа шығып, дүниеге қыз бала әкеледі. Арада 6 ай өткен соң күйеуі оны тастап кетеді. Айтуынша, ол дүниеге ұл баланың келуін күткен екен.

v

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

Статистикалық деректер бойынша, “ұл” түбірлі есімдер қою соңғы 5 жылда сиреген. Ұлжан есімі Қазақстан бойынша 13 805 қызға, Ұлбосын 13 351, Ұлдана 6 396 қызға қойылған. Арасында Болған, Тойған сынды есімдер де кездеседі. Қазақта қалыптасқан ырым бойынша, мұндай есім қойылған қыздан кейін дүниеге ұл бала келеді екен. Аталған бағдарламаның кейіпкері күйеуінің қыз бала туғаны үшін тастап кеткенін айтып жатыр. Десе де, Тамара Рақымжанова екінші рет тұрмысқа шығып, бүгінде 14 бала тәрбиелеп отыр.

“Өзім жұмыстамын. Аллаға шүкір, қазір 14 бала тәрбиелеп отырмын. Мұны пешенеме жазылған тағдыр деп білемін. Бірінші жолдасымнан тұңғышым қыз бала болды. Менің қыз бала туғаныма көңілі толмай, үш баласы бар әйелдің қол астына кіріп алды. Ол кезде мен жас едім. Өмірге өкпелеп жүрдім. 18 жасымда мектепті бітіре салысымен осындай оқиғаларды басымнан кешірдім. Біздің заманымызда УЗИ деген болмады. Сол себепті сәбиімнің жынысын алдын ала білген жоқпын. Ол кісі сәбиіміз алты айлық болған кезде мені тастап кетті. Енем де жақтырмай, өзімнің ары қарай бірге бола алмайтынымызды түсіндім.

Ажырасуға рұқсатымды беріп, тұмысқа шықпай 7 жыл жүрдім. Аллаға мың да бір шүкіршілік етемін. Бастапқыда тұрмысқа шықпай, жалғыз өтемін деп ойлаушы едім. Қыз бала ұл баладан кем емес. Бәріміз де анамыз. Қазіргі жолдасымның бірінші жұбайы қайтыс болып, 7 баласымен қалған болатын. Мені ағайын туысқандары көндірді. Басыма орамал салып, жүрегімнің қалауы туралы сұрады. Мен кететінімді айттым. Cонда 1-сыныпта оқитын Мақсат есімді ұлы “Мен анамды қатты сағындым. Маған ана керек. Маған ана болыңызшы” деп жылады. Осы ұлдың көз жасымен сол Отанда қалдым. Екінші жолдасым маған ешқандай талап қойған емес. Себебі, бара салысымен ұл босандым”, – дейді ол.

Естеріңізде болса, 2016 жылы Шымкентте дәл осындай оқиға орын алған. Күйеуі 6-рет қыз туған әйелін ұрып-соғып біраз зорлық көрсеткен. Тіпті, осыдан кейін ол отбасын тастап кеткен болатын. Көпшілік бұл ситуацияда әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың себеп болғанын айтып жатыр. Ал Тамара ханымның бірінші күйеуімен ажырасуына енесі себепші болған екен.

“Бірінші жолдасым үйдің жалғыз ұлы емес. Өздері үш ағайынды азамат болатын. Енем екеуіміздің ортамызға көп түсті. Жолдасым үйге кеш келетін. Кейде мүлдем келгісі келмей қалатын. Тұңғышымның есімі – Динара. Өзімнің әпкем осылай қойған болатын. Перзентханаға тек өзіммен бір туғандар келіп тұрды”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Үтіктегі дақты кетірудің ең оңай 5 әдісі

Үтіксіз-ақ киім қыртысын жазуға болатын 9 әдіс

Аяқ киімді тазалаудың оңай әдісі

Суға түсіп кеткен қалта телефонын қалыпқа келтіру әдісі табылды

Талқылау