Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар бағдарламалауды тегін оқып, 100 мың теңге шәкіртақы ала алады: Елімізде Jusan Singularity білім беру жобасы басталды

Жоғары технология қарыштап дамыған заманда IT мамандарға деген сұраныс күн санап артып келеді. Ал отандық нарықтың алдында мамандарды дайындау ғана емес, оларды жұмыспен қамту мәселесі тұр. Бүгінде аталған мәселені оңтайландыруға Jusan Bank те өз үлесін қосып келеді. Жақында банк нарықтағы сапалы IT мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында қарқынды курстар ұсынатын Jusan Singularity білім беру хабын құрған еді. Аталған мүмкіндікті пайдалану жолдары мен қатысушылар ие болатын басымдықтар жайлы Stan.kz материалынан оқыңыз. 

Jusan Singularity – үздік халықаралық тәжірибелердің озық үлгісі негізінде құрылған Jusan тобының білім беру жобасы. Компания нарықта сұранысқа ие Java, iOS, Android, Frontend әзірлеуші мамандарды, сондай-ақ DevOps инженерлерін дайындауды мақсат етіп отыр. 

“Бүгінде Jusan экожүйесі қарқынды дамуда. Осыған байланысты үздік ІТ мамандарға деген сұраныс ұлғаюда. Қазір Jusan тобы компанияларына әртүрлі бағытта 250-ге жуық ІТ маманы керек. Сұраныс 2025 жылға қарай 1000-ға дейін артуы мүмкін. Алайда елімізде финтех бағытындағы  сұранысты қанағаттандыратын сапалы кәсіп иелері жетіспейді. Осыған байланысты, студенттердің келешекте тиімді пайдалана алатын қабілеттерін дамытып, аталған бағыттар бойынша өз ісінің мамандарын дайындап шығару – біздің негізгі мақсатымыз”, – дейді жоба жетекшісі Архат Избассов. 

Оның сөзінше, нарықта IT мамандарға деген сұраныс үлкен болғанымен, финтех бағытындағы мамандар тапшы. Ал университет тәмамдап, енді ғана диплом алған түлектерді қайта даярлауға көп ресурс жұмсалады. 

“Оқу орындарын бітіріп шыққан түлектерді  барынша финтех бағытында жұмысқа дайындау мақсатында Jusan Singularity  құрылған болатын”, – дейді Архат жоба мақсаты жайлы. 

Бұл курс кімдерге арналған?

Компания адамның негізгі капиталы білім екеніне баса назар аудара отырып, білім беру жобаларының маңыздылығына ерекше басымдық береді. Осы орайда техникалық білім алып жатқан студенттер IT мектепте практикалық тәжірибе жинап, жұмысқа тұра алады. Ал өз саласынан бағдарламалау мен IT бағытқа ойысқысы келетіндер үшін бұл курстар таптырмас мүмкіндік болмақ.

Әрине, жобаға іріктеу кезінде IT саласында тәжірибесі барларға баса назар аударылады. Сонымен бірге кәсіби бағытын өзгерткісі келетін басқа сала мамандарында да жобаға қатысуға мүмкіндік бар. Қабілеттердің ішінде бағдарламалау тілін меңгергендерге мән беріледі. Ағылшын тілін білу міндетті, "техникалық ойлау" қабілеті болғаны дұрыс, логика, командада жұмыс істеу, бастамышылық таныту бойынша қосымша сертификаттар болса тіпті жақсы. Бұның бәрі бастапқы іріктеуге қажет. Одан кейін оқудағы және тапсырмаларды іс жүзінде орындау бойынша жетістіктері бағаланатын болады. Бастысы – білім алушының IT бағытта жұмыс жасауға деген ынтасы мен жаңа білім алуға деген құлшынысының болуы.

Курс қалай жүргізіледі?

27 қаңтар мен 15 ақпан аралығында келіп түскен өтінімдер қарастырылып, олардың ішінде 1000 адам келесі үшапталық онлайн кезеңге жолдама алды. Осы 21 күн ішінде әрбір қатысушы өзінің мыңнан жүйрік екенін таныта білуі керек.

Олардың арасынан ең мықты деген 100 адам таңдалып, әрі қарай төрт ай бойы офлайн форматта білім алады. 

Қатысушыларға лекциялар мен пракатикалық сабақтар заманауи әсем Jusan Singularity опен-спейсте өткізіледі. Ұйымдастырушылардың пікіріне сүйенсек, ІТ кадрларды дайындағанда тек қана финтех пен ІТ алпауыттарының жеке білім беру тәжірибелеріне ғана емес, сондай-ақ "күнделікті кеңістік дизайнына" - офис, техникалық жабдықтарға, демалыс аймақтарына да айрықша назар аударылды. 

“Jusan Singularity – бірегей оқу жүйесі. Курс бес негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Атап айтсақ, Java, iOS, Android, Frontend, DevOps. Әрбір қатысушы қай жолды таңдаймын десе, өз еркі. Сабақтардың барлығын тәжірибесі мол оқытушылар жүргізеді. Менторлар тұрақты жұмыс істеп жүрген IT мамандар болғандықтан, жұмысқа қажетті дағдыларды үйретуге тырысады. Сондай-ақ қатысушыларға үй тапсырмасын беру де қарастырылған. Банк қызметкерлері де оқыту процесіне қарқынды түрде қатысып отырады”, – дейді Архат Избасов.

Жоба аясында қатысушыларға арналған коворкинг орталық 24/7 режимінде жұмыс істейді, демек кез келген уақыта студенттердің келіп-кетуге мүмкіндігі бар.

Курсқа қатысу не береді? 

Төрт айға жалғасатын курс ұсынатын тағы бір артықшылық – төрт ай көлемінде үзілмей төленетін арнайы шәкіртақы. 

“Студенттерге 100 мың теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалады. Оқу процесі барысында қатысушылар жұмысқа қабілетілігін барынша жақсы көрсетуі керек. Содан соң екі тарап арасында келісімшарт жасалып, студенттерге шәкіртақы жүреді. Оқу 8 сағаттық жүйе бойынша жүргізіледі деп жоспарлануда”, – дейді Архат Избасов.

Айта кетерлігі, жобаға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қатысты шектеулер қойылмайды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Jusan Singularity жобасына қатысуға қызығушылық білдірген 3000 астам талапкердің дені 15-55 жас аралығында. Олардың 35% әртүрлі сала қызметкерлері болса, 30%-дан астамы 3-4 курс студенттері және 20% - 1-2 курс студенттері, 13% - түлектер, ал басқалар саны 1%-ға жуық. 

Оқу соңында Jusan Singularity студенттеріне өздерінің мамандықтары бойынша сертификаттар және Jusan тобы компанияларының біріне жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.

ҚР  ҚНРДА берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.

Талқылау