"Jomart-Tokayev-тан ақшалай сыйлық": Facebook желісінде алаяқтар мемлекет басшысының атынан ұтыс ойынын өткізуде
Facebook әлеуметтік желісінде Jomart-Tokayev есімді аккаунт пен мемлекет басшысының суреті бар парақша ақшалай сыйлықтардың ұтысын ойнатуда. StopFake басылымы азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқтар ұтысқа қатысушылардан өзі туралы ақпаратты қалдыруын ескерткен. Онда туған жылы, айы, күнінен бастап тағы басқа деректер сұрастырылған. Сол арқылы алаяқтар пайдаланушылар енгізетін барлық ақпаратты: олардың банк картасының нөмірлерін, жарамдылық мерзімін және CVC кодтарын көруге мүмкіндік алады. Бұл картадан ақша аударуға немесе онымен интернет-дүкенде сауда жасауға қолжетімді болады.
Төлем деректерін ұрлаудың тағы бір жолы – "халықаралық аударым" деген сылтаумен оларды алдап-арбау. Сіздің картаңызға ақшалай сыйлықты аудару үшін оның нөмірі ғана емес, сонымен қатар барлық басқа деректерді сұратады. Мамандар картаның жарамдылық мерзімі мен CVC кодын қандай жағдай болса да ешкімге айтпау керек екенін ескертті.

Ал шындығында мемлекет басшысы Facebook-те тіркелмеген және ол жерде ұтыс ойынын өткізбейді. Президентіміздің Twitter мен Instagram желісінде @TokayevKZ пен tokayev_online деген екі ресми парақшасы бар.
Демек, Жомарт-Тоқаев деген Facebook парақшасы фейк. Оған жүргізілген ұтыс алаяқтардың ісі.
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі