J.Lo-ның концертінен көтеріп алып шыққан полицейдің әйелінің үстінен іс қозғалды

Фото: Видеодан скрин
Астанадағы Дженнифер Лопестің концертінде жанжал туғызып, соңында полиция қызметкерлері көтеріп алып шыққан әйелдің үстінен іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана полициясы бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сонымен қатар оқиғаға қатысы бар әйелдің полиция қызметкерінің жұбайы екені расталды. Алайда ер адамның нақты қандай лауазым иесі екені айтылмады.
Бұл жайт оның әрекетіне құқықтық баға беруге әсер етпейтіні айтылды. Керісінше, қоғамдағы жүріс-тұрысы үшін жеке жауапкершілік деңгейінің жоғары болуын көрсетеді. Полиция өкілдері барлық азаматтың заң алдында тең екенін атап өтті.
“Тергеу барысы ведомство басшылығының бақылауында. Айыпталушының ішкі істер органдары қызметкерінің отбасына қатысы бары оны жауапкершіліктен босатпайды”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"