Израильдегі Әл-Акса мешітінде полиция арнайы операция өткізді: Араб елдері мешітке шабуыл жасауды доғаруды талап етті
Израильдің Иерусалим қаласындағы Әл-Акса мешітінде полиция арнайы операция өткізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews.com басылымына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше қақтығыс кезінде 2 тәртіп сақшысы жарақат алған, ал палестиналық дереккөздер ондаған адамның зардап шеккенін хабарлады.
Израиль билігі мешітке жасалған шабуылдың алдын алғанын айтады. Бұл нұсқаға сәйкес бірнеше адам тас және пиротехникамен қаруланып, Әл-Акса мешітіне жасырынған. Сонымен қатар антиизраильдік ұрандар айтып, қарсы күрес жүргізуге шақырыпты.
Палестиналық белсенділер өздерін қорғау үшін мешітке жасырынған мұсылмандарға шабуыл жасады деп Израильдің қарулы күштерін айыптады.
Әл-Акса мешітіндегі полиция операциясына қатысты бірнеше араб елдері наразылықтарын білдірді. Египет, Сауд Арабиясы мен Иордания мешіттерге шабуыл жасауды тоқтатуды талап етті. Ресми мәлімдемеде әлем мұсылмандарының наразы екені айтылған.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"