Израиль мен ХАМАС соғысты тоқтатты
Израиль Газа секторында атысты тоқтатты. Келісім 19 қаңтарда 11:15-те күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Shuttershock
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі 19 қаңтарда босатылуы тиіс кепілге алынғандардың тізімін алғаннан кейін атыс тоқтатылғанын растады.
"Кепілге алынғандарды босату туралы келісімге сәйкес, Газа секторындағы атысты тоқтатудың бірінші кезеңі жергілікті уақыт бойынша сағат 11:15-те күшіне енеді", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін ХАМАС Израильдің соғысты тоқтату жайлы келісімшартын қабылдаған еді.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?