Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль Ливандағы құрлық операциясына қосымша әскер жіберді

Израиль әскері Хезболла арасындағы атыстардың күшеюіне байланысты қосымша бөлімшелерді жіберу туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: AHMAD GHARABLI/AFP

Израиль әскері 36-дивизияның жаяу әскері мен броньды әскерлері, оның ішінде Голани бригадасы, 188-бригада және 6-жаяу әскер бригадасы "Хезболла" нысаналарына қосылып жатқанын хабарлады.

Израиль Ливанның оңтүстігіндегі шамамен 25 ауылдың тұрғындарын эвакуациялау туралы жаңа ескерту жасады. Ескертуде Израиль әскерінің Ливан тұрғындарына зиян тигізу ниеті жоқ және олар Израильмен шекарадан 50 шақырымдай жерде орналасқан Авали өзенінің солтүстігіне дереу эвакуациялануы керегі айтылған. Авали Литани өзенінің солтүстігінде ағып жатыр. Литан Израильмен шекарадан шамамен 40 км қашықтықта орналасқан.



2 қазанда Израильдің солтүстігінде зымыран шабуылын ескерту үшін сиреналар қосылды.  Израильдің Ливанмен шекарасына жақын Хайфа мен Батыс Галилеяның айналасындағы елді мекендерде дабыл қаққан. 

Ливанға қосымша Израиль әскерін енгізу Израильдің Хезболлаға қарсы шабуылында шектеулі операциялардан асып кетуі мүмкін екенін көрсетеді. Израиль тарапы Бейрут пен Ливанның басқа қалаларына басып кіруді жоспарламайтынын айтты. Соңғы бірнеше сағат ішінде Израиль Бейруттың оңтүстік шетіндегі аудандарға бірнеше соққы жасады.

"Хезболла" Израильдің шабуылына тойтарыс бергенін және Израильге зымыран атқылауын жалғастырғанын айтады.

Еске салсақ, бұған дейін Израиль армиясы Ливанның оңтүстігінде құрлық операциясын бастағаны айтылды. 

Талқылау