Израиль Ливан астанасына соққы жасады: 74 адам жараланып, 4 адам қаза тапты
Израиль әскері Бейруттің оңтүстік шетіндегі аудандарға шабуыл жасады. Ондағы мақсат – "Хезболла" радикалды исламдық тобының қолбасшысының өлтіру. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Израиль қорғаныс күштерінің Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: REUTERS
Smotrim.ru порталының мәліметінше, жергіліктің денсаулық сақтау министрлігі әуе күштерінің шабуылынан екі адам қаза тапқанын хабарлады. Екеуі де бала. Араға уақыт салып шабуыл салдарынан 10, 6 жастағы тағы екі баланың көз жұмғаны белгілі болды. Құтқарушылар үйінділерді тексеру жұмысын жалғастырып жатыр. Зардап шеккендер тізімінде 74 адам бар.
"Хезболла" радикалды исламдық тобының қолбасшысы Фуад Шукр Израильдің солтүстігіндегі Мадждал-Шамс ауылындағы 12 баланың өліміне кінәлі деп танылғандықтан оған қарсы соққы жасалған.
Израиль қорғаныс күштері Telegram арнасында көздеген мақсатқа жетіп, "Хезболла" лаңкестік ұйымының стратегиялық бөлімшесінің жоғары шенді қолбасшысы және басшысы Фуад Шукр немесе Сейид Мухсеннің шабуыл кезінде қаза тапқанын мәлімдеді.
Еске салайық, Израильдің Мадждал-Шамс ауылына түскен зымыраннан 12 бала мен қаза тапқан еді. Бұл қастандыққа Израиль тарапы "Хезболла" радикалды исламдық тобын айыптады және бұған міндетті түрде жауап беретінін ескертті.