Израиль Иранның зымыран шабуылы аяқталғанын мәлімдеді
Израиль әскері ЦАХАЛ Иранның зымыран шабуылы аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж Stan.kz
Израиль әскерінің ресми өкілі Даниэль Хагари шабуыл салдарынан қаза тапқандар жоқ екенін мәлімдеді.
"Біз көптеген зымыранды ұстап қалдық. Елдің орталығында және оңтүстігіндегі аудандарда бірқатар соққылар жасалды", – деді Израиль әскерінің ресми өкілі Даниэль Хагари.
Израильдің медициналық қызметі екі жарақат алғанын хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Иранның Израильге қарсы 400-ге жуық зымыран ұшырғаны туралы жазған едік.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен