Израильдің генералы шайқас жерінде сәбилердің денелері табылғанын мәлімдеді
Израиль генералы кибуц Кфар-Азадағы қырғын кезінде сәбилердің денесі де жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Insider.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кибуц Кфар-Аза ең бірінші болып ХАМАС-тан зардап шекті. Газа секторынан жақын маңдағы жерден бірнеше сәбидің мәйіті табылған. Сондай-ақ олардың бастары шабылғаны айтылды. Мәйіттердің арасында балалардың бөлінген бастары да болған.
Бұған дейін 200 израильдіктің, оның ішінде 40 баланың денесі табылған деді құтқарушылар.
Генерал-майор Итай Верув Кфар-Азадағы шабуылды "қырғын" деп атады.
"Жатын және қауіпсіздік бөлмелерінен сәбилерді, аналар мен әкелерді көруге болады, сондай-ақ оларды террористер өлтіргені сұмдық. Бұл соғыс емес", — деді генерал.
Шабуыл орнында ХАМАС әскерилерінің денелері де табылған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"