Израиль әскері ХАМАС-тың Газадағы туннельдерін тапты
Израиль әскері Газада ХАМАС содырларының туннелін тапқан. Өзара туннельдерді қамтитын жүйе 4 км-ден асады және Израильдің Газа секторымен шекарасындағы Эрез өткелінен шамамен 400 м қашықтықта орналасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтер бойынша, бұл туннельдердің үлкендігі сонша, шағын көліктер жүре алады.
"Бұл жерасты туннель жүйесі ХАМАС жетекшісі Яхья Синвардың ағасы Мұхаммед Синвар басқарған жоба болды, ол 7 қазанда Израильге жасаған шабуылдың жетекшілерінің бірі болып саналады", – деп атап өтті Израиль армиясы.
Израиль әскерилерінің айтуынша, туннельдердің құрылысы бірнеше жылға созылып, миллиондаған долларға кеткен.
Жер асты тоннельдерінде кәріз, жарық, желдеткіш және байланыс арнасы бар. Еден қаңқалы топырақтан, қабырғасы темірбетоннан жасалған. Израильдік мамандар туннельдерден көптеген қару-жарақ тапты.
ХАМАС Газа секторындағы үлкен туннельдер желісін кепілге алынғандарды үйлер мен қабырғалардың арасында байқамай тасымалдау үшін пайдаланады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады