Әйел мұражайда байқаусызда құлап, құны бірнеше мың еуро тұратын картинаға зақым келтірді
Италияның Брешиа қаласындағы Санта-Джулия мұражайында келуші құлап, XVI ғасырға тиесілі құны бірнеше мың еуро тұратын картинаны зақымдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Giornale di Brescia басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Flickr Comune di Brescia/Penocchio
Басылым мәліметінше, оқиға Қайта өрлеу дәуірінің жергілікті суретшілеріне арналған көрмеде болған. Ал бүлінген туынды Мореттоның "Stendardo dei Disciplini" туындысы. Бұл ерекше туынды – 1522-1524 жылдар аралығындағы екі жақты шеру баннері.
Кенептің бір жағында белгісіз екі әулие бейнеленген. Ал екінші жағында Дисциплинарийлердің радикалды діни қозғалысының өкілдерімен бірге Бикеш Марияның бейнесі бар.
Brescia, una visitatrice del museo di Santa Giulia è inciampata e cadendo ha involontariamente squarciato lo ‘Stendardo dei Disciplini’, opera su tela del Moretto risalente al periodo del Rinascimento. Danno stimato in qualche migliaia di euro. Il dipinto non era protetto pic.twitter.com/OSr6nIz7fq
— Ultimora.net (@ultimoranet) February 8, 2025
"Әйел шалынып, құлап бара жатып қолын кенепке қойған. Бақытымызға орай, келуші зардап шекпеді. Мұндай жағдай орын алуы мүмкін еді. Себебі көрме қазіргі уақытта өте танымал", – деді Брешиа мұражай қорының директоры Стефано Караджов.
Ол кескінді толығымен қалпына келтіруге болатынын айтты. Өйткені жыртылған сызық анық және кескінге ешқандай зиян келтірмеген. Өнер туындысы бірден реставрациялау үшін зертханаға жіберілді.
Басылымның мәліметінше, шығын көлемі бірнеше мың еуроға бағаланып отыр. Бірақ картинаға зақым келтірген әйелге туындының сақтандырылғаны айтылды. Ол картинаны қалпына келтіруге ақша төлемейді.