Туристер Италияға жылдың соңына дейін кіре алмайды
Италияның шекарасы туристер үшін 2020 жылдың соңына дейін жабық. Бұл туралы Италияның мәдениет және туризм министрі Дарио Франческини мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, шекараны ашу туралы шешім шығару елдегі эпидемиялогиялық жағдай мен басқа да мемлекеттердің саясатына байланысты болмақ.
Сондай-ақ ол Италиядағы музейлер мен басқа да көрнекі жерлердің жұмысын қайта бастау туралы айтып кетті. Өз сөзінде ол Колизей мен Помпеиді атап өтті.
Қазіргі таңда Италияда коронавирустан көз жұмғандардың саны 25 969 адам болып отыр. Жалпы алғанда елде 192 994 адам індет жұқтырған. Коронавирустың өршуіне байланысты Италия үкімте елді толығымен карантинге жапқан болатын.
Қазақстандық мұғалімдер жаңа Конституцияны қолдауды талап етіп жатқанын айтты: Алайда оқу-ағарту министрлігі жоққа шығарып отыр
Ал бұл қарсылыққа жергілікті билік пен министрлік жауап берді
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған