Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстамбұлда тұрғын үй опырылып түсті: Жеті адам құтқарылып, біреуі қаза тапты (видео)

Ыстамбұлда 2 маусым күні таңертең Күчүкчекмеже ауданында төрт қабатты тұрғын үй опырылып құлады. Оқиға салдарынан адамдар үйінді астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: APA

Ыстамбұл губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, апат таңғы сағат 08:40 шамасында болған. Оқиға орнына іздестіру-құтқару, өрт сөндіру және медициналық топтар келді.

Жеті адам қирандылар астынан шығарылды, оның екеуі ауыр халде жатыр.

Сонымен қатар бір адамның денесі табылды. Үйінді астында тағы екі адам қалды.

 

Ғимарат 1988 жылы салынған. Губернатор жарылыс болғаны туралы ақпарат жоқ және ғимараттың ескілігіне байланысты қирауы мүмкін екенін айтты.

Еске салайық, 2023 жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық күшті жер сілкінісі болғанын жаздық. Олардың эпицентрі миллионға жуық адам тұратын Газиантеп қаласына жақын жерде орналасқан. Жер асты дүмпулері соңғы 84 жылдағы ел рекордына айналды. Табиғи апат салдарынан ондаған мың адам зардап шекті.

Талқылау